Конгресс орталығы
Конгресс орталығы — Астанадағы EXPO қалашығында орналасқан заманауи іскерлік және мәдени іс-шаралар кешені. Ол 2017 жылы EXPO халықаралық көрмесіне орай ашылған. Орталықтың жалпы ауданы — 43 200 м², биіктігі — 29 м, үш қабатты және жерасты автотұрағы бар. Негізгі зал — 3 000 м², телескопиялық орындықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, төрт конференц-зал (әрқайсысы 500 орындық), VIP-зал «Аспан», кең лобби және көрме алаңдары бар. Ғимарат Hilton Astana қонақ үйі мен Mega Silk Way сауда орталығына жақын орналасқан. Мұнда халықаралық форумдар, концерттер, көрмелер мен ресми қабылдаулар өткізіледі.





