Нұр ғасыр мешіті
Ақтөбе қаласында орналасқан Орталық Облыстық мешіт. Мешіттің құрылысы 2006 жылдың сәуірінен басталып, 2008 жылдың қыркүйегінде аяқталды. Сол жылы ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тұсауын кесуімен қатарға қосылды. «Нұр ғасыр» мешітіне Ақтөбе қаласының орталығынан 3 га жер бөлінді. Мешіт құрылысы 2006 жылы басталды. Құрылысқа облыс және қала тұрғындары, оның ішінде ұлтына, нәсіліне, тіпті діни ұстанымына қарамастан барлық тұрғындар белсене атсалысты. 2005 жыл басынан 2009 жылдың 1-ші қаңтарына дейінгі мерзім ішінде құрлысқа 1 901 452 769, 56 теңге қаражат жиналды. Халықтың осындай ықыласы арқасында «Нұр ғасыр» мешіті құрылысы екі жарым жыл ішінде аяқталып. 2008 жылы 22-қыркүйекте қасиетті рамазан да мешіттің салатанатты түрде ашылу рәсімі өтті.





