Tübitak
go back

Шымбұлақ

Шымбұлақ Алматы қаласынан 25 км жерде, Іле Алатауының баурайында 2510 метр биіктікте орналасқан Қазақстандағы ең танымал тау-шаңғы курорты. 1954 жылы кеңестік спортшылардың олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Қазіргі таңда Шымбұлақ халықаралық деңгейдегі спорттық және туристік кешен. Жарыс жолдарының ұзындығы 6 км-ден асады, еңістігі 11–29° аралығында. Курортта 3200 метрге дейін көтерілетін аспалы жолдар, қонақ үйлер, мейрамханалар, шаңғы мектебі және балаларға арналған аймақтар бар. Қысқы маусымнан бөлек, жазда да тау серуендері мен велосипед турлары ұйымдастырылады. 2025 жылы Шымбұлақ ТМД-дағы ең үздік тау-шаңғы курорты деп танылды.

too
too
too
too
too
sd