Tübitak
go back

Айтбай мешіті

Айтбай мешіті — Қызылорда қаласындағы ең көне сәулет ескерткіштердің бірі. Ол 1878 жылы салынған және республикалық маңызы бар тарихи және мәдени нысан ретінде мемлекет қорғауында. Мешітті Бұхарадан келген бай көпес Айтбай Балтабайұлы өз қаражатымен салдырған. Құрылысқа Әулиеатадан келген шеберлер Ысқақ пен Қамал жетекшілік еткен. Ғимарат күйдірілген қышпен өрнектелген, мұнарасы — 14 метр, күмбезі — 9 метр, сыйымдылығы — 500 адам. Кеңестік кезеңде мешіт кинотеатр, мектеп-интернат, тігін цехы ретінде пайдаланылған. Қазіргі таңда мешіт қайтадан діни қызметін атқаруда

too
too
too
too
too
sd